Рудныйда кәсіпорын жұмысшысы мерт болды

cover Фото: freepik.com

Қостанай облысының Рудный қаласында Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің жұмысшысы көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz. 

«ССКӨБ» АҚ кен дайындау және байыту цехында жазатайым оқиға болды. Вагон аударғышты жөндеу кезінде жұмысшы мерт болды» делінген хабарламада.


Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі - металлургия саласындағы ірі кәсіпорын. 1954 жылдың маусымында Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты ретінде құрылды.

Eurasian Resources Group (ERG) тобына кіретін кәсіпорын темір, доломит, әктас, құрылыс қиыршық тастарын өңдейді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар