«Робин Гуд»: 6 млн несиені қайтармаған Сариев сотта көз жасына ерік берді

Алматыда «Робин Гуд» атанып кеткен Ілияс Сариевтің соты жалғасуда. Сотта жауап берген Сариев өз кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Сондай-ақ оның 6 млн теңге несие алып, қайтармағаны белгілі болды. Көзіне жас алған Сариев сотта не айтты? – Orda.kz баяндайды.
Алмалы аудандық сотында Сариевтің ісіне қатысты жауап берген көпбалалы жәбірленуші күдікті сеніміне кіріп, атына 6 миллион несие алып, артынша ай сайынғы төлемді төлемей кеткен. Сотта жәбірленуші өзінің аты-жөнін жарияламауды сұрады.
Жәбірленуші Сариевті көптен бері әлеуметтік желіде бақылап жүргенін және былтыр жазда оны кафеде кездейсоқ жолықтырып, қасына өзі барып үйсіз қиын жағдайда жүргенін айтқан. Сариев сол кеде жетім әйелдің сеніміне кірмек болып қалтасынан бірден көмек ретінде 200 мың теңге санап береді.
«Мен сол кезде Сариевке күйеуіммен ажырасып жатқанымды, баспанасыз қалғанымды және үш балам бар екенін айттым. Жетім екенімді де сол жерде ағымнан жарылып айтып салдым. Оның өзге адамдарға көмектескенін білетінімді жеткізіп, мен де қолдау сұрадым. Ол көмектесуге уәде беріп, бірден 200 мың теңге берді», – деді жәбірленуші.
Араға біраз уақыт салып, Сариев әйелге өзі хабарласады. Бұл жолы жәбірленушіге көмек беруі ұшін емес керісінше өзі көмек сұрауға хабарласыпты.
«Сариев маған хабарласып, ауыр науқастанып қалғанын және Түркияда емделуді жоспарлап жүргенін айтты. Оған емге ақша керек екенін менен оған несие алып беруімді өтінді. Ай сайынғы төлемдерге өзі ақша жіберіп тұратынын, ал емделіп келген соң маған баспана жағынан көмектесемін деп уәде етті. Мен оған сеніп, банке барып 6 млн несие алып, қолына ұстаттым. Бастапқыда 8 млн алмақшы болды, бірақ банк мақұлдаған сома 6 млн болды», – деді көпбалалы ана.
Жәбірленушінің айтуынша, Сариев ақшаны қолына ұстаған соң байланысқа шықпақ түгілі ай сайынғы төлемді де төлемей хабар-ошарсыз кетіпті. Салдарынан несиенің өстемақысы күн сайын өсіп 7,5 миллион теңгеге жеткен. Онсызда үйсіз үш баламен жалдамалы пәтерді жағалап жүрген келіншек уақытылы төленбеген несиеге қатысты коллекторлардың қоңырауынан әбден шаршағанын айтты.
Сонымен қатар, сотта жәбірленуші Сариевке несеиге қатысты хабарласқанын да ол оны боқтап, жетім екенін бетіне басып, өзіне қарсы ешкім ештеңке істей алмайтынын әрі несиені өз қалауымен алып бергенін айтыпты.
Ал Ілияс Сариевтің айтуынша, ол несиені уақытылы төлеп келген, тек қамауға алынғаннан кейін ғана төлемдер тоқтапты.
Айыпталушының қорғаушысы жәбірленушіден қарыз қайтарылған жағдайда Сариевті кешіруге дайын ба деп сұрады. Әйел үзілді-кесілді «жоқ» деп жауап берді.
Жәбірленуші сөзін аяқтағаннан кейін судья Ернар Қасымбеков айыпталушы тарапқа егер алған ақшаны жәбірленушілерге қайтаратын болсаңыздар, осы келіншектен бастаңыздар деп айтты.
«Егер шынымен жәбірленушілерге ақшаны қайтаратын болсаңыз онда ақша қайтаруды осы көпбалалы әйелдің ақшасын қайтарып, несиесін бірден жауып тастауға әрекет жасаңыздар. Себебі қасиетті Құранда да «Жетім мен жесірдің ақысын жемеңдер» деп жазылған . Бұл – ең ауыр күнә болып саналады», – деді судья Қасымбеков.
Ілияс Сариев не дейді?
Айта кетейік, сотта дәл Сариевтің эпизоды бойынша алты жәбірленуші жауап берді. Ол жәбірленушіден кешірім сұрап, өзінің жалғыз кінәсі тек бастапқыда халықтан жылу жинап, қор ашу үшін жиналған видеоларды әлеуметтік желіге салуға үлгермегені екенін айтты.
«Жалпы рамазан айында қаралым статистикасы төмендейді. Мен барлық роликтерді 20 сәуірден кейін жариялауды жоспарлағанмын. Бірақ 12 сәуірде мені қамауға алды. Үлгермегенім үшін кешірім сұраймын. Бірақ мен сіздердің ақшаңызбен бірге жоғалып кетпек болған жоқпын. Айта кетейін, мен нақты мерзім айтқан жоқпын, тек роликтерді алдағы уақытта саламын деп ған айттым», – деді Сариев.
Осыған дейінгі сот отырыстарында Orda.kz Сариевтің елдерге көмектесемін деп, алдын ала 1,5 млн теңге алғанын жазға едік. Прокурор сол алдын ала алынған қаражаттың қайда жұмсалғанын сұрады. Күдіктінің атуынша, блогер қаражат өз командасына кеткенін айтты, үш мобилографқа айына 400 мың теңгеден жалақы төлеп отырған, оған қоса артық жұмыс үшін ақы берілетін жеткізді.
Сонымен қатар, жауап алу кезінде Сариев көзіне жас алып, өзі кезінде көмек көрсеткендердің барлығы қазір теріс айналғанын айтып қалды.
«Мен 2021 жылдан бері 70 отбасыға баспана алып бердім, 203 адамды тегін қажылыққа жібердім. Бірақ ең ауыр тигені – мен қиналғанда, солардың бірі де сотқа келіп, мені қолдамады», – деді Сариев.
Сотта Сариев жәбірленушінің атынан алынған 6 млн теңге несиені Түркиядағы емге емес басқа бір адамдар алдындағы қарызын өтеуге жұмсағанын мойындады. Оған қоса Сариев өзін алаяқтықпен айналысты дегенге келіспейтінін айтып, несиені тұрақты төлеп отырғанын алға тартты.
Алайда, сотта сөз алған жәбірленуші тараптың адвокаты Жандос Палмановтың айтуынша, оның қолында Сариевтің төлем жасаудан бас тартқаны туралы жазылған сөздері бар екені айтты.

MM Travel: Қажылыққа барам дегендерді сан соқтырды ма?
Жалпы осы іс бойынша ,екінші эпизод ол MM Travel туристік фирмасына қатысты. Сариев бұл іске қатысты өзіне тағылған бар айыпты жоққа шығарды. Оның сөзінше, ол тек компанияны жарнамалап, ішкі операцияларға араласпаған.
Бұған дейін жәбірленушілердің айтуынша, 2025 жылдың көктемінде ондаған алданған клиент ақшаларын талап еткен кезде, дәл Сариев олардың алдына шығып, бәрін қайтарып беруге уәде еткен.
«Мен тек жарнама жасағандықтан және осы фирманың бет-бейнесі болғандықтан, өз атымды таза сақтап қалғым келді. Сондықтан алдарына бардым, бірақ оның ішкі жұмысына еш қатысым болған жоқ», – деді Сариев.
Жәбірленушілердің бірі одан екінші айыпталушы Ақтоты Дүйсееваның сөзіне қатысты сұрақ қойды. Бұған дейін ол барлық шоттардың тек Сариевтің иелігінде болғанын, ал 21 жәбірленушінің ақшасын ол құмар ойындарға жұмсағанын айтқан еді.
«Бұл шындық емес», – деп қысқа ғана қайырды күдікті.
Алдағы сот отырсытарында Сариев әлі де сот алдында жауап беруді жалғастырады. Келесі сот отырысы 9 қазанға жоспарланды.
Жаңалықтар
- Елімізде 11 қазаннан бастап дүкендерге жаңа ереже енгізіледі
- Шіріген құбырлар Алматының тұтас бір ауданын сусыз қалдырды
- Қазақстанда техникалық байқау тәртібі өзгермейтін болды
- «Робин Гуд»: 6 млн несиені қайтармаған Сариев сотта көз жасына ерік берді
- «Қазтелеком» Орталық Азиядағы екінші ірі AI-кластерді іске қосты
- «Қайратпен» өткен матчтан кейін «Реал» жұлдыздарының бағасы құлады
- Руслан Берденов жаңа лауазымға тағайындалды
- Белгілі жазушы Еркін Жаппасұлы қайтыс болды
- ХАМАС бейбіт жоспар аясында Газа тұтқындарын босатуға дайын екенін мәлімдеді
- Алматыдағы тергеу абақтысында судья қайтыс болды
- «Тозақ отын жаудырамын»: Трамп ХАМАС-қа соғысты тоқтату туралы шарт қойды
- Украин дрондары Қазақстан шекарасына жақын орналасқан мұнай өңдеу зауытына соққы жасады
- Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Әзірбайжанға барады
- «Өлімші етіп сабаған»: Алматы колледжінде төбелескен қыз бен жігіт полицияға жеткізілді
- Ұлтаралық араздық туғызған Алика Мұхамедиеваның ісі сотқа жіберілді
- Алматы қаласында заңсыз БДСМ студиясын ашқандар ұсталды
- Павлодар облысында әкім фельдшермен төбелесті
- «Өлім жазасы»: Қырғызстанда 17 жастағы Айсулуу Мукасеваның өлімі қоғамды дүр сілкіндірді
- «10-12 жасар қыздар туып жатыр»: Қарағандыда 15 жастағы қызды «ұзатқан» ата-ана жазасыз қалмақ
- «Саламыз дегеніне 20 жыл»: Түркістан облысындағы қирағалы тұрған «мектептегі» оқушылар