Ресейлік БАҚ халықты «ұшақ апаты цилиндр жарылысынан болғанына» сендіргісі келеді

cover Фото: TЖМ

Ресей өз аудиториясын AZAL ұшағының апатқа ұшырауына борттағы цилиндрдің жарылуы себеп болғанына сендіруге тырысып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ресейлік БАҚ Әзірбайжан ұшағы құлағанға дейін борттағы оттегі баллонының жарылғанын, содан кейін жолаушылар есінен танып қалғанын жарыса жазуда. Олар бұл ақпаратты белсенді түрде таратып жатыр. 

Minval-LIVE басылымының мәліметінше, ресейлік БАҚ бұл ақпаратты «AZAL ұшағына Ресей зымырына тиді» деген мәлімет тарағаннан кейін тарата бастады. 

Сарапшылардың айтуынша, олар ұшақ апатының себебі ретінде құстармен соқтығысу нұсқасы сәтсіз болғаннан кейін, қоғамның назарын баллонға аударып жатқан көрінеді.

Ал АҚШ ұшақ апатына тәжірибесіз ресейлік әскери қызметкерлер кінәлі дейді. 

Еске салайық, тергеу барысын білетін төрт дереккөз Reuters агенттігіне Әзірбайжан авиакомпаниясы ұшағын ресейлік зымыран атып түсіргенін растады. Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыраны Бакуден ұшқан ұшақтың үстінде жарылып кеткен. Ал Ресейдегі жауапты мамандар бұл туралы уақытында хабарлай алмаған. Әрі 25 желтоқсан күні Мәскеу украиндық дрон соққыларына қарсы әуе қорғанысы жүйесін бірнеше рет қолданғаны белгілі болды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар