Ресейде Навальныйды қолдаушылар акцияға шықты, оларды қауіпсіздік қызметкерлері күштеп ұстап жатыр

cover

Алексей Навальныйдың жақтастары наразылық білдіріп, акцияға шықты.  Қиыр Шығыста бірнеше жүз адамның санкцияланбаған митингісі өтіп жатыр. Тәртіп бұзғаны үшін бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды  РИА Новости басылымына сілтеп ORDA. 

Хабаровскідегі Ленин алаңына Навальныйге бостандық сұрап 250-ге жуық адам жиналды. Рұқсат етілмеген акция жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де басталды. Жеркілікті басылымның хабарлауынша, полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыштар арқылы тұрғындарға акцияға рұқсат етілмегендігін айтып, жиналғандардың тарауын өтінген. Бірақ митингіге шыққандар полицияның талаптарына бағынбаған.

Акцияның кейбір қатысушылары ұрандар айтты. Заң бұзғаны үшін бірнеше адам ұсталды, полицияның саны туралы нақты мәліметтер жоқ. Приморск өлкесінің ішкі саясат департаментінде алдын ала мәліметтер бойынша, Хабаровскіде  митингке басында 300-ге жуық адам жиналса, Владивостоктағы  шеруге келушілер саны 500-ге жеткен.

Осы уақыт аралығында тергеу комитеті 23 қаңтардағы митингтерге қатысуға кәмелетке толмағандарды тарту туралы қылмыстық іс қозғады. Митингтерге шақырулар танымал әлеуметтік желілер арқылы жіберілген.

Еске салсақ, Навальный Германиядан келе жатып әуежайда паспорттық бақылаудан өтіп жатқан кезде ұсталған. Саясаткер Ив Роше ісі бойынша іздеу тізіміне алынған. Оған 2008 жылы «Ив Роше Восток» ЖШС-нен ақша жымқырды деген айып тағылған.

Федералды қылмыстық-атқару қызметінің хабарлауынша, Навальный сынақ мерзімінің шарттарын бұзған, шартқа сәйкес ол инспекцияға айына екі рет белгілі бір күндері келіп тұруы керек еді.

АҚШ пен Еуропа елдері Алексей Навальныйдың ұсталғаны туралы хабарламаларға реакция білдірді. Балтық елдері үкіметтері Навальный жақын арада босатылмаса, ЕО елдерін Мәскеуге санкциялар салу туралы ойлануға шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар