Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы ІІМ кураторы болып тағайындалды

cover Фото: telegram / МВД

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы — Адам Қадыров, республикадағы Ішкі істер министрлігі басқармасының кураторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

ТАСС мәліметіне қарасақ, Адам Қадыровты Ішкі істер министрлігінің кураторы етіп тағайындау туралы хабар 31 наурызда өткен жиында жарияланды. Ведомство басшысы Аслан Ирасханов бұл шешім Рамзан Кадыровтың тапсырмасымен қабылданғанын атап өтті.

Әлі кәмелетке толмаған Шешенстан басшысының ұлы бірнеше құқық қорғау органдары мен әскери бөлімшелерде жетекші лауазымдарды атқарып жатыр. 

Бұдан бұрын 17-жасар Адам Қадыров Владимир Путин атындағы Ресей арнайы жасақтар университетінің және Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы болып тағайындалған еді.

Бұған дейін Қадыров Ақтаудағы әуе апатына себеп болған дрондарды атып түсіру туралы есеп берген інісін марапаттады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар