Рамзан Қадыров ұшақ апатына ұшырағандарға көңіл айтты

cover Фото: ТАСС

Ақтауда құлаған ұшаққа байланысты Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров көңіл айтты, деп хабарлайды Orda.kz

Azerbaijan Airlines-тің Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ Ақтауа құлады. Baza-ның  хабарлауынша, апатқа ұшыраған ұшақ бортында 67 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған.

«Бакуден Грозныйға ұшып бара жатып,  Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines лайнерінің қаза тапқан жолаушыларының туыстарына көңіл айтамын. Хабарланғандай, өте ауыр жағдайда тірі қалған 12 адам бар. Алла Тағаладан олардың сауығуы туралы дұға етеміз» деп жазды Қадыров.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. ТЖМ ақпараты бойынша, 25 адам тірі қалды. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар