Qaznews24 авторын қолдап пикетке шыққан белсенділер айыппұл арқалады

cover Коллаж: Orda.kz

Қостанай мен Алматыда Qaznews24 сатиралық паблигінің авторына қолдау білдірген белсенділерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Orda.kz.

Еске салайық, кеше, 21 қаңтар күні белсенді Сергей Зинченко мен «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының мүшесі Ақмарал Жәкібаева Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп әрі 15 күнге қамалған журналистерді босатуды талап етіп пикетке шыққан.

Сот оларға «Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» (488-бап) деп, 196 600 теңге айыппұл салды. Елде митинг, пикет өткізу үшін әкімдікке хабарлама жіберіп, рұқсат алу керек.

Еске салайық, полиция Темірлан Еңсебектің ұсталуы сатираға байланысты еместігін айтқан. Қылмыстық істің себебі – ұлтаралық араздық қоздыру және этностардың бірінің өкілдерін қорлау белгілері бар материал жариялау болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар