Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты тың ақпарат жарияланды

cover

Қайрат Боранбаевтың ісі сотқа жіберілді. Қаржы мониторингі агенттігі «AsiaGazChunja» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сондай-ақ «Qazaq Gaz» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты 14,5 миллиард теңгені жымқыру бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

2022 жылғы 23 желтоқсанда Бас прокуратура қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберді. Келтірілген залал «Qazaq Gaz» АҚ есепшотына аудару арқылы толық көлемде өтелді.

Мүлікті тәркілеу ықтимал бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушының 38 млрд теңге қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 көлікке тыйым салынды.

Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты газ экспорттау кезінде ұрлық және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар