Президент саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне барды
Фото: Ақорда
Бүгін, 31 мамырда, Қазақстанда аталып өтілетін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Мемлекет басшысы мемориалға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шарада жиналғандар алдында сөз сөйледі.
«Біз жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алып, сол қаралы жылдары қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз», – деді Президент.
Президент өткен ғасырда Кеңес Одағы құрамына кірген көптеген халықтар ауыр сынақтарға тап болғанын еске салды.
«Қиын тағдыр қазақ халқынан да айналып өтпеді. Еріксіз ұжымдастыру науқаны кезінде адамдар малынан, мүлкінен айырылды, аштықтан жаппай қырылды, көпшілігі шетел асуға мәжбүр болды. Мыңдаған адам «халық жауы» атанып, қатігездікпен азапталды, сотсыз, тергеусіз атылып кетті», – деді ол.

Қазақстан аумағында ГУЛАГ жүйесіне кіретін 11 лагерь болды. АЛЖИР – сондай қасіретті орындардың бірі. Бұл жерде 8 мыңға жуық жазықсыз сотталған әйел жазасын өтеді.
«Саяси қуғын-сүргін тек қазақ халқына ғана емес, басқа этностарға да ауыр тиді. АЛЖИР-де 60-тан астам ұлттың өкілдері қамауда болды. Сондықтан сол зұлмат заманда зардап шеккен барлық халықтар бұл трагедиядан сабақ алуы тиіс. Мұндай зұлмат ешқашан қайталанбауы керек. Бұл тек өзімізге байланысты. Өткеннің қасіретті кезеңдерін еске алудың басты мәні – осы», – деп қорытындылады сөзін Президент.
Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға бейбітшілік пен амандық тіледі.

2024 жылдың осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жазба жариялап, онда өткеннен сабақ алған ел ғана болашақтың сын-қатерлеріне төтеп бере алатынын атап өтті.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты