Президент парламенттік реформа аясындағы алып-қашпа әңгімелерге жауап берді

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа» жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тоқаев ел арасында тараған бұл әңгімелер бос әңгіме екенін айтты. 

«Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді», - деді Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында.

Тоқаев ұзақ мерзімді жоспарлардың бір бөлігі, әдеттегідей, жақын арада жария етілетінін айтты. Сонымен қатар, мемлекет басшысы осы жылы ұзақ жылдарды айқындайтын өте маңызды оқиғалар болатынын жасырмады. 

Айта кетейік, әлем көшбасшылары мен елдері АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы агрессиясына қарсы үн қатты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар