Президент Олимпиада чемпионы Елдос Сметовты жеңісімен құттықтады

cover Фото: Olympic.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймыз! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додада топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Бүкіл ел Сізге тамсанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі!» деп жазды президент өз парақшасында.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды. 

Сметов 60 келі салмақта финалға шықты. Шешуші белдесуде оған Токио-2020 қола жүлдегері Лука Мхеидзе қарсы шықты.

 Елдос үшінші рет Олимпиада жүлдесін жеңіп алды. Риода (2016) екінші, Токиода (2020) үшінші болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар