Полиция шахтерлер қазасына қатысты тергеуді бастады

cover

Іс «Қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қозғалды. Жауапты адамдар 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Полицейлер Қарағанды ​​облысындағы Абай кенішіндегі жарылысқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

— Абай ауданындағы шахтадағы жарылыс фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы апат техногендік сипатта болған деген болжам айтқан болатын.

7 қарашада сағат 8.24-те «АрселорМитал Теміртау» көмір департаментіне қарасты «Абай» шахтасындағы бір беткейде кенеттен метан мен көмір газы шыққан. Апат кезінде шахтада небәрі 64 адам жұмыс істесе, оның 8 адамы тікелей апатты жағдайда жұмыс істеген. Алты кенші қаза тауып, екеуі газдан уланып, жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин бастаған комиссия оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшып кетті.

Абай кеніші – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің көмір өндіру кәсіпорны.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар