Полиция Нұр-Сұлтанда өз ұлын басқа баламен төбелестірген азаматты тапты

cover

Полиция ойын алаңындағы балаларды төбелесуге мәжбүрлеген Нұр-Сұлтан тұрғынын іздеп тауып, сұраққа алынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

—  Әлеуметтік желілерді бақылау барысында ер адам балаларды төбелесуге мәжбүрлеген бейнежазба анықталды. Осы факті бойынша 37 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізілді. Ол ойын алаңында 8 жасар баласы мен оны ренжіткен 11 жасар баланы төбелестірген. Төбелес салдарынан 11 жасар бала жарақат алды. Жарақат алған баланың анасы полицияға арыз жазды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Полиция ересектерге мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын ескертеді. Естеріңізде болсын, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, балалардың құқықтарын бұзғаны және олардың денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар