Пойыз билетінің бағасы қымбаттайды

cover фото: pixabay.com

Бұл шешім пойызда көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және  теміржолшылардың жалақысын көтеруге байланысты. 

Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады. 

Пойыз құнының жаңа тарифі 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Пойызға құны жоғары билеттер 45 күн ішінде – тамыз айының ортасынан бастап сатыла бастайды. 

Көлік министрлігі баспасөз қызметі елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы жұмыс істейтінін және жолаушылар пойызы 140 бағытта қатынайтынын айтты. Оның 62-сінде тарифтің қымбаттайтыны белгілі болды.

Шенеуніктердің дерегінше, билет құнының өсуі тікелей қызмет көрсету сапасымен байланысты. Себебі, соңғы 10 жылда инфляция деңгейіне индекстеу шараларын есептемегенде, әлеуметтік маңызы бар салалардың тарифі өзгеріссіз қала берген. 

«Пойыздарда көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Қазір біздің елде осы бағыттарда 2667 вагон жүреді, тозу деңгейі өте жоғары – 44%», —  деп түсіндірді көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

«Тальгоның» бағасы шамамен 19 493 теңге, стандартты пойыздардағы купе құны — 19 653 теңге, плацкартта —  12 871 теңге. Қала маңындағы пойыздарға билет құны 6 314 теңге болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар