Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді

cover Фото: instagram/ @viselskii

Петропавл қаласының дене шынықтыру пәні мұғалімі Анатолий Висельский Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Orda.kz.

Висельский турникке екі саусағымен ғана ілініп, ерекше төзімділік көрсетіп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Мұғалім турникке 2 минут 7 секунд бойы ілініп тұрып, бұрынғы рекордты жаңартты. Бұған дейінгі ең жоғары нәтиже италиялық спортшы Марчелло Ферриге тиесілі болған — 2 минут 1 секунд.

Қыркүйек айында өтінім жіберіп, жарты жылдан кейін рекордтың ресми түрде расталғаны туралы сертификат алған. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар