Песков Навальныйдың әрекетін сызылған күйтабаққа теңеді

cover «Путинге арналған сарай» / ФБК бейнеролигінен

Алексей Навальный құрған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қор Геленджик ауылы маңындағы ғимарат туралы тергеу жариялады. Авторлар бұл үйді «Путин сарайы» деп атайды. YouTube-тағы тергеу бар видео күніне 15 миллионнан астам қаралым жинап отыр.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Daily Storm-ға бұл тергеуді көрмегенін, бірақ мемлекет басшысында ондай жылжымайтын мүлік жоқ екенін баса айтты. Ол сонымен қатар Навальныйдың әрекетін сызылған күйтабаққа теңеді.

«Мен тергеумен таныс емеспін. Алайда мен бұл дискінің ескі екенін бірден айта аламын. Көптеген жылдар бұрын біз Путиннің Геленджикте сарайы жоқ деп түсініктеме берген едік», - деді Песков.

Тергеу сарайдың жоспарын егжей-тегжейлі сипаттайды. Оны авторлардың айтуынша ғимараттың жиһазымен жұмыс істеген мердігерлердің бірі берген. ФБК нысан құрылысының жалпы құнын 100 миллиард рубльге бағалайды, ал кешеннің негізгі ғимаратын салу құны - 1 миллиард долларға бағаланады.

Навальный мен сыбайлас жемқорлықпен күрес қоры (ФБК) бұл кешен Ресей Федерациясы Президентімен байланысты, құрылысты қаржыландыруға мемлекеттік компаниялар мен Путинмен таныс кәсіпкерлер қатысқан деген қорытындыға тоқталуда. Олардың айтуынша нысанның қауіпсіздігін арнайы қызметтер жүзеге асырады.

Бұл сарай мен Президент Владимир Путин арасындағы байланысты алғаш рет 2010 жылдың желтоқсанында кәсіпкер Сергей Колесников жариялады. Оған сәйкес құрылысты қаржыландыруға ірі кәсіпкерлердің қайырымдылықтары жұмсалды. Кремль мемлекет басшысының Геленджик маңындағы ғимаратпен байланысы туралы барлық мәліметтерді жоққа шығарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар