Павлодар облысында әкімнің баласы қызды соққыға жығып, мұрнын сындырды

cover Фото: Кадрдан үзінді

Павлодар облысында әкімнің ұлы қызды соққыға жыққанын Білім министрі растады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Бринфингте  білім вице-министрі Еділ Оспан осы жағдайға қатысты сұрақтарға жауап берді:

«Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы мектеп қабырғасында қызды ұрып-соғып, мұрнын сындырғаны туралы ақпарат желіде пайда болды. Қыздың анасы дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы жағдайға қатысты пікіріңізді тыңдап, білгім келеді. Неліктен қызды ұрған ұл мен оның ата-анасы жауапқа тартылмады» деген сұрақ қойылды.

Өз сөзінде министр ақпаратты растады.

«Иә, шынында да мұндай факт болған. Мен баршаға айтқым келетіні, біз әлеуметтік желілерде пайда болған әрбір жағдайды мұқият тексеріп, тиісті мемлекеттік органдарға хабарлаймыз. Осы фактіге сүйене отырып, мен қазір тергеу жүріп жатқанын, тиісінше шара қолданылатынын хабарлаймын. Туыстық байланысқа қатысты айтар болсам, менің білуімше туыстық байланыстың бар екені расталды», - деді Оспан.

Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша жанжал биылғы жылдың қаңтар айында Павлодар облысындағы мектептердің бірінде болған.

«Шынымен де, ондай жағдай болған. Ол биылғы жылдың қаңтар айында тіркелген. Бізге белгілі болғандай, бүгінде іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотта қаралып жатыр, баланың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жиналыс өтіп үлгерді», - деді ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар