Париж Олимпиадасы: Алғашқы күннің қорытындысы

cover

Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алғашқы күні-ақ топ жарып, туын желбіретуде,  деп хабарлайды Orda.kz.       

  • Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды. Сметов 60 келі салмақта финалға Токио-2020 қола жүлдегері Лука Мхеидзеге қарсы шықты.  Елдос үшінші рет Олимпиада жүлдесін жеңіп алды. Риода (2016) екінші, Токиода (2020) үшінші болды.

  • Парижде көркем гимнастикадан квалификация аяқталды. Жерлестеріміз Нариман Құрбанов пен Милад Карими финалдық кезеңге өтті. ҰОК хабарлағандай, Құрбанов алтын медальға таласады. Ол іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 15 000 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Карими жекелей көпсайыс бойынша біліктіліктен өтті. Ол еркін жаттығуларының финалында ел намысын қорғайды.

  • Бокстан Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада медальдарынан үмітті. Ел намысын бірінші болып 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қорғады. Ол ашылу матчында испаниялық Ойер Ибарречемен кездесіп, жеңімпаз атанып, 1/8 финалға жолдама алды.


  • Қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко 2024 жылғы Олимпиададағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының жетекші ойыншысы Кирилл Герасименко Париждегі Олимпиадада бірінші ойында қарсыласын ұтты. Ойын төрт ойыннан тұрды, барлығында Герасименко 11:4, 11:5, 12:10 және 11:6 нәтижелермен жеңіске жетті. Келесі кездесуде 1/32-де спортшы Португалия немесе Германия қарсыласымен кездеседі.
  • 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медаль жеңіп алды. Олар Германия құрамасынан 17:5 есебімен басым түсті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар