«Өзін қатыстырмады»: Алмасбек Садырбаевтың сот отырысы өтті

cover Фото: facebook / Алмасбек Садырбаев

Алмасбек Садырбаевтың қорғаушысы Назгүл Рахметуллина өзінің қорғауындағы тұлғаның құқықтары бұзылғаны туралы мәлімдеді. Оның сөзінше мүмкіндіктер бола тұра сотқа Алмасбек Садырбаевты қатыстырмаған, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның айтуынша, Алматы және Алматы облысының соттары өтініштерін елемеген, соның ішінде сот отырысына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі өтініш те қабылданбаған.

«Бүгін Алмасбек Садырбаевтың қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы сот отырысы оның қатысуынсыз өтті. Алайда Талдықорған қаласындағы №71 мекемесі оның қатысуын қамтамасыз етуге дайын екенін растаған болатын», — деп мәлімдеді қорғаушы.

Рахметуллина бұл жағдай Қазақстан азаматының қорғауға деген негізгі құқықтарының бұзылғанын атап өтті. Ол облыстық соттың бұл фактіге көз жұмуы мүмкін деп алаңдайды. 

Қорғаушы сондай-ақ Қазақстанның Бас прокуратурасына азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету туралы сұрақ қойып, бұл жағдайға бақылау жүргізуді сұрады.

Еске сала кетсек, Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы агенттігінің департаменті және облыс прокуратурасы бірлесіп, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбаевты ірі көлемде алаяқтық жасады деп мәлімдеді. Ол бірнеше облыс аудандарында, атап айтқанда Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауылшаруашылық кооперативтерін құрды деген күдікке ілінді.

Тергеу нұсқасы бойынша, бұл ұйымдардың негізгі мақсаты — ұсақ қара малдың аналық басын көбейту және азық-түлікке кететін шығындарды өтеу болған. Осы мақсатта ауыл шаруашылығымен айналыспайтын шаруа қожалықтары тартылып, кейін жалған өтінімдер ұсынылып, субсидиялар алу үшін жалған кадастрлық нөмірлер мен кооператив жетекшілерінің электрондық қолтаңбалары пайдаланылған.

Қаржы полициясы агенттігінің мәліметінше, осылайша 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат ұрланған. Алмасбек Садырбаев ұсталып, оның сыбайласы сот санкциясымен үйқамаққа қамалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар