Өзен арнасын заңсыз тарылту салдарынан Алматы іргесіндегі Бесағаш ауылын су басты
Фото көрнекілік үшін
2025 жылдың 25 наурызында жауын-шашынның салдарынан Қотырбұлақ өзені арнасынан асып, Бесағаш ауылындағы жеті аула мен медициналық пунктті су басты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, судың жайылуына өзен арнасын заңсыз тарылту себеп болған.
«Тұрғындар өзен арнасының бойына рұқсатсыз қоршаулар мен отырғыштар орнатқан, бұл су ағынының өткізу қабілетін төмендеткен. Қазір су тасқыны тоқтатылды, бұзушылықтарды анықтау және өзен арнасының табиғи өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп түсіндірді департамент.
Тасқын салдарын жою және одан әрі су басуының алдын алу үшін Талғар ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлерге баратын арықтар мен суару жүйесін тереңдетіп жатыр.
Жұмысқа Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың 15-ке жуық жеке құрамы, бес техника, екі мотопомпа қатыстырылды.
Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанның қай өңірлері қызыл аймаққа еніп, еріген қар суынан тасқын жүру қаупі бар екенін ескерткен болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды