Өзбекстан Швейцариядан экс-президенттің қызына тиесілі активтерді қайтарып алды
Фото: BBC
Өзбекстан Швейцариядан елдің бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнәр Кәрімоваға тиесілі 95 миллион доллар көлеміндегі активтерді қайтарып алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл қаражат екі ел арасындағы келісім аясында қайтарылған алғашқы транштың бір бөлігі. Өзбекстанның Экономика және қаржы министрінің орынбасары Атабек Фазылкәрімовтің айтуынша, бұл сома «Uzbekistan Vision — 2030» ұлттық қорына аударылған және әлеуметтік мақсаттарға ғана жұмсалмақ.
Жақын арада Гүлнәр Кәрімоваға тиесілі тағы 182 миллион доллар көлеміндегі екінші транштың қайтарылуы күтіліп отыр.
Айта кетейік, Өзбекстан мен Швейцария 2022 жылы активтерді қайтару жөнінде алғашқы келісімге қол қойған. Ал 2024 жылдың ақпанында тараптар екінші келісімге келіп, 182 миллион долларды қайтару жөнінде уағдаласты. Бұл қаржы Кәрімоваға қатысты сыбайлас жемқорлық істерімен байланысты.
Сонымен қатар, биыл қаңтар айында Гүлнәр Кәрімова басқа түзеу мекемесіне ауыстырылған болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды