Өзбекстан құрамасы Олимпиаданың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды

cover Фото: prosports.kz

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы (U23) Париждегі Олимпиада ойындарының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.   

«С» тобындағы бірінші айналымда Тимур Кападзе шәкірттері Испаниямен кездескенімен, тартысты айқаста қарсыласын жеңе алмады (1:2). Екінші ойында Өзбекстан құрамасы аз ғана жеңіске жеткен Мысыр құрамасымен кездесті.

Командалар Нант қаласындағы «Ла Божуар - Луи Фонтено» стадионында ойнады. Голды 11-минутта Ахмед Кука соқты.

Өзбекстан құрамасы бірде-бір ұпай жинамай, турнирдің плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

Қазіргі уақытта С тобындағы командалардың жағдайы келесідей: Испания – 6 ұпай, Египет – 4 ұпай, Доминикан Республикасы – 1 ұпай, Өзбекстан – 0 ұпай.

Топтан үздік шыққан екі команда ширек финалға өтеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар