Өзбекстан азаматы қазақстандықтарды 120 миллион теңгеге алдап кеткен

cover Сурет ашық дереккөзден

Іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Павлодар қаласының тұрғындарын 120 миллион теңгеге алдап кеткен.

Ер адам Қазақстанда жалған құжат арқылы тұрған.

«Өзбекстан азаматы Павлодарда тұрды. Ер адам ұялы телефон арқылы халықты оларға заңсыз несие беріп жатқанын айтып сенімге кіріп, алдаған. Келтірілген шығын шамамен 120 миллион теңгені құрады", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.


ПД-ның айтуынша, алаяқ жалғыз жұмыс істемеген. Оның сыбайластары ақшаны алып, басқа есепшоттарға аударған. Бүкіл топ ұсталды, полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Жалпы, жыл басынан бері алаяқтар облыс тұрғындарының 500 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар