Қос билік: Назарбаев пен Тоқаевтың бірігіп жұмыс істеуі «тиімді»

cover

Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми қос билікті қолдап отыр. Оның айтуынша, пандемия кезінде екі президенттің бірігіп жұмыс істеуі өз тиімділігін көрсеткен.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

– 2019 жылы президенттік өкілеттіктердің көшуінен кейінгі кезең Қазақстан үшін Елбасы мен ел президенті институттарының бірге әрекет етуі президенттік басқару нысанының тиімділігін, орындылығын және орнықтылығын көрсетіп отыр. Осы ынтымақтастық COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде және оның салдарынан экономикалық жүйенің барлық секторында және азаматтық қоғамның әлеуметтік блогында туындаған қиындықтар, халықаралық күн тәртібі көлемінің артуы жағдайында ерекше өзекті болды, - деді ол парламент отырысында.

Басылымның жазбасына сүйенсек, Назарбаевта «Елбасы» статусы бар, ол оның өзіне және отбасына қылмыстық іс қозғалмауын қамтамасыз етеді. Және Тоқаев Назарбаев сілтеген жолды жалғастырып келеді.

– Мемлекет басшысының іс-қимылдарымен Елбасының мемлекеттілікті одан әрі үдемелі дамыту жөніндегі стратегиялары мен дәстүрлері жалғасып жатқаны ақиқат. Олар стратегиялық жоспарлаудың негізгі құжаттарында қамтылған, - деді ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар