Оралда 5 жасар қызды бір топ ит талап кетті

cover Фото: Facebook / Мария Пирог

Оралда бір топ итке таланған 5 жасар бүлдіршін ауыр жарақат алып, жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Orda.kz «Менің қалам» ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Иттер 5 жасар қызға балалар алаңында шабуыл жасаған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыздың денесінде көптеген жыртылған жаралар болған, ол Бөрілі аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Келген сәтте баланың травматикалық шок белгілерін ескере отырып, оны жедел түрде жансақтау бөліміне жатқыздық. Ауырсынуды басатын терапия, жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу және шұғыл сіреспеге қарсы екпе жасалды. Кейін оны хирургия бөліміне ауыстырдық»,  деп хабарлады аймақтық ведомство.

Қазіргі таңда дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы тұрақталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар