Қорғаныс министрлігі ресейлік қаруды сатып алуды түсіндірді
Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев Қазақстанның ресейлік қару-жарақ сатып алуын түсіндірді.
— Егер қазақстандық армияны қаруландыру туралы айтатын болсақ, онда БАҚ-та жарияланған «кеңестік парадигма» туралы мәлімдеме ішінара ғана шындыққа жанаспайды, өйткені Кеңес Одағы ыдырағанына үш онжылдықтан асты.
Қазақстанның қарулы күштері бұрыннан бері өзіндік бірегей форматта дамып келеді. КСРО мен біздің елдің геосаяси платформалары мүлдем басқа. Біз ешкімді қарсылас санамаймыз, ал біздің Әскери доктринамыз қорғаныс сипатында.
Біздің армия Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіп кешенінен айтарлықтай көлемдегі әскери техниканы мұра етті. Ал бүгінде біз әскери техника мен қару-жарақты Ресейден сатып алатын болсақ, таңдауымызда тек олардың тактикалық, техникалық, операциялық сипаттамаларына, сондай-ақ, баға мен сапа арақатынасына ғана мән береміз, - деді министрдің орынбасары.
Руслан Шпекбаев Қазақстан армиясы Airbus Military компаниясы шығарған С-295 әскери-көлік ұшағымен, Түркияның Cobra броньды доңғалақты машиналарымен және оптикасымен, еуропалық электронды соғыс жүйелерімен, роботтық жүйелермен және басқа да көптеген қару түрлерімен қаруланғанын атап өтті.
— Қазақстан армиясы жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен белсенді түрде жарақтандырылған. Израильдің барлаушы ұшқышсыз ұшу аппараттары Skylark, Қытайдың барлау және соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары Wing Loong, түріктің Anka ұшқышсыз ұшқыштары сатып алынуда. Олардың барлығы біздің географиялық ерекшеліктерімізге сәйкес келеді. Мысалы, бір артықшылықты атап өтсек, Anka ұшқышсыз ұшу аппараттарында көктайғаққа қарсы жүйенің болуы, сонымен қатар ұшу және қону алаңдарына қойылатын төмен талаптарын артықшылық ретінде атап өтуге болады.
Заманауи қарулы қақтығыстар тәжірибесі әскерлерді даярлауды ұтымды ұйымдастыру, қолда бар техниканы қалыпты жағдайда ұстау, оны жаңғырту және жоғары дәлдіктегі құрамдас бөліктің болуы арқылы Қарулы Күштер алға қойылған міндеттерді сәтті орындай алатынын көрсетеді, - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Қорғаныс министрлігінде Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен Қазақстан армиясын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткен болатын.
Мемлекет басшысы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшылығына қазіргі уақытта әскери қауіпсіздікке төніп тұрған қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғыртуды тапсырды. Президент заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді