Қазақстанда оң рульді шетелдік көліктерді заңдастыруға рұқсат

cover

Қазақстанда шетелде тіркелген оң рульді көліктерді бір рет заңдастыруға рұқсат етілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.

Бұл мәселе шешілді деп сендірген ІІМ өкілінің сөзінше, Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар екен.

– Бүгінгі күні мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты көліктерді бір реттік заңдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, жақында ғана оң рульді көліктер бір реттік заңдастыруға енгізілетіні туралы тиісті түзетулер енгіздік. Бұл мәселе қазірдің өзінде шешілді, – деді ол.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек екенін айтты.

– Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынамын, – деді президент.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар