НЗМ-нің ата-аналары Перизат Қайрат ісінде жәбірленуші ретінде танылды

cover Фото: Orda.kz

НЗМ-нің ата-аналары Перизат Қайрат ісі бойынша жәбірленуші ретінде танылды. Астанада қайырымдылық қорынан 1,5 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Бүгін сот отырысында Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналар комитетінің мүшелері сөз сөйледі.

Олардың айтуынша, 2024 жылдың көктемінде қордың жарнамасына сеніп, ата-аналар комитеті аталған қорға 901 955 теңге аударған.

Ата-аналар бұл қорды танымал болғандықтан және «сенімді» көрінгендіктен таңдағандарын айтты.

Алайда қазір таңда ата-аналар комитеті аударылған қаражатты қайтаруды талап етіп отыр.
  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар