Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері 150 мың теңгеден сатылып жатыр
Фото: Маркетплейстен
Қазақстанның танымал маркетплейстерінің бірінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жинаған фотоальбом 149 мың теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР Сенатының төрағасы болған Нұртай Әбіқаевтың 1997 жылы жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның тұңғыш президенті» атты фотоальбомы сатылымға шықты.
Сатылымдағы фотоальбомда президент болған кезіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысшылармен, сарбаздармен және студенттермен бірге түскен суреттері бар.
Кітап сипаттамасында автор бұл туындыны жай ғана фотоальбом емес, «президенттің энергиясы мен құштарлығы сезілетін рухани естелік» деп сипаттайды. Бұл фотоальбомды ай сайын бөліп, 12 мың теңгеден төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігі де бар.

Нұртай Әбіқаев Назарбаевтың ең жақын серіктерінің бірі болған. Ол кезінде президент әкімшілігінің басшысы, ҰҚК төрағасы және бірінші көмекшісі қызметтерін атқарған. Бүгінде оның есімі көбіне «ескі Қазақстанмен» байланысты айтылады.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды