Нұрлан Нығматулин Дубайға аттанды

cover

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің Нұр-Сұлтан әуежайында түскен фотосы желіде тарады.

Адамдар Нұр-Сұлтан әуежайында Дубайға ұшатын ұшақ рейсінде тұрған Нұрлан Нығматулинге ұқсайтын адамды байқаған.

Бұған дейін, желіде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мәмин, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин, Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділбек Жақсыбековтердің кездесуі кезіндегі сурет пайда болды.

Асқар Мәмин бұл суретке туыстардың  «сырға салу» рәсімі кезінде түстік деп сылтау айтқан.

Еске салайық, Orda.kz тілшілері Нығматулин, Жақсыбеков және Мамин отырған мейрамхананы да қарап шыққан болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар