Әнипа Назарбаеваның күйеу баласы прокурор қызметінен кетті

cover

Әнипа Назарбаеваның күйеу баласы Азамат Жылқыбаев Алматы облысының прокуроры қызметінен кетті.

19 сәуір күні ол өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазған. Бұл туралы Orda.kz редакциясының ресми сауалына Бас прокуратураның берген жауабында айтылды. Қазір прокурор лауазымы бос тұр.

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 19.04.2022 жылғы бұйрығымен А.С. Жылқыбаев өз еркімен Алматы облысының прокуроры қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта Алматы облысы прокурорының лауазымы бос» делінген бізге келген жауапта.

Кейбір мәліметтер бойынша, нақ осы Жылқыбаев Әнипа Назарбаеваның бизнесін басқарып, Болат Назарбаевтың бірлескен кәсіпорындарын «бақылаумен» айналысқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар