«Неге қазақтардың көзін қысық кеседі?»: Русское радио жүргізушілерінің сөзі наразылық туғызды

cover Фото: РИА Новости

Русское радиосындағы «Русские перцы» бағдарламасының жүргізушілері 21 маусымдағы шығарылымда бір тыңдарманның әзілін оқыды.

Көптеген тыңдармандар бұл сөздері расистік және қисынсыз деп атады.

«Бір тыңдарманымыз бала кезінде «көзі қысық» және «аузы қисық» деген сөздерді естігенде, барлық нәресте көзсіз және ауызсыз туылып, ал дәрігерлер оларға көз бен ауыз жасап береді деп ойлайтын болғанын жазды. Ол «қазақтар неге сонша көзді қысық қылып жасап береді?» деп сұрақ қойды. Ол өзі де Қазақстанда туылған», – деді жүргізушілер Антон Юрьев, Дмитрий Морозов және Полина Жукова.

Бұл пікір желіде наразылық тудырғанына қарамастан, «Русское радио» тарапынан ешқандай жауап келген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар