Мен саяси тағдырымды бәйгеге тіктім – Назарбаев

cover

Елбасы туралы жаңа фильм 5 шілдеде шығады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-де жазба жариялады. «Қолтаңба» деп аталатын деректі фильмде Елбасы жаңа елорданың тарихына тоқталып, жаңа құрылыстар туралы айтады.

– Қаражат жоқ, мүмкіндік жоқ қиын заманда бастадық. Шын мәнісінде мен саяси тағдырымды бәйгеге тіктім. Осы жылдардың ішінде талай тәуекелдерге бардым. Сол тәуекелдердің ең үлкені – осы Астана болды. Біздің ұрпағымыз осы тәуелсіздікті бағалап, көзінің қарасындай сақтап қалатын болса сол күн арман орындалған күн болады. Астана менің 20 жыл бойғы махаббатым. Менің ойым, өрісім, арманым барлығы осы қалада екен. Әр нәрсенің нағыз бағасын беретін ол уақыт. Біз әлі талай биіктерді алатын боламыз, - делінген «Қолтаңба» деректі фильмінің үзіндісінде.

Айта кетейік деректі фильм 5 шілде күні «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.

– 5 шілдеде сағат 20:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа елорданың тарихына тоқталып, ғаламат құрылыстың құпияларымен бөлісті, - деп жазды Айдос Үкібай twitter-де.

https://twitter.com/Aidos_Ukibay/status/1410511339882266624?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1410511339882266624%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Fwww.zakon.kz%2F5074385-elbasy-v-novom-filme-podelitsya.html

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар