Назарбаев Платоновты Nur Otan партиялық бақылау комитетінің басшысы етіп тағайындады

cover

Нұрсұлтан Назарбаев Артур Платоновты Nur Otan партиялық бақылау комитетінің басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

– Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Артурдың қоғамдық және партиялық жұмысының үлкен тәжірибесі комитет қызметін күшейтуге ықпал ететініне сенімдімін, деп жеткізді Байбек.

Сондай-ақ, ол Мәжіліс төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған комитеттің бұрынғы басшысы Павел Казанцевке алғысын білдірді.

Артур Платонов 2016 жылдың наурыз айынан бастап Мәжіліс депутаты. Ол Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Тележүргізуші, «Соғыс және 21 ғасыр мифі», «Сатылған жандар», «Отан саудагерлері» деректі фильмдерінің, сондай-ақ «Апта көрінісі» бағдарламасының авторы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар