Наразылық білдірушілер: ана мен баладан қолыңды тарт!

cover

Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры демекші, «Отбасындағы зорлық-зомбылық заңы» жобасы қоғамдағы негізгі дауға айналуда. Наразылық білдіріп, қолдарына плакат ұстаған бір топ ана осы заң жобасын қайта қарауды талап етуде. Сөздерінше, ойға қонымсыз заңның отбасына ешқандай пайдасы жоқ.

«Балаларымызды біздің өлігімізді аттап барып бірақ аласыңдар!».

«Өмірімізді онсызда балаларымызға арнап келеміз. Күндіз-түні бір тынбай, үш-төрт жерде жұмыс жасаймыз. Тапқан таянғандарымызды балаларымыздың аузына саламыз. Сонда балаларымызға өздеріне қажеттісін сатып алып бере алмасақ немесе жеке бөлме тауып бере алмасақ нашар ана болғанымыз ба? Үкімет алдымен біздің жағдайымызды жасасын. Барлық отбасы қазір пәтер жалдап, күндерін әрең көріп жүргенде қалай біз балалаларымызға бөлек бөлме тауып бермекпіз?,» - деп пікірлерін жаудырды аналар.

Ирина Смирнова Мәжіліс депутаты:

«Ешкім баланы жайдан - жай тартып ала алмайды. Заң жобасында – егер бала өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда онда қамқоршылық және қорғаншылық органдары шақырылатындары жазылған. Бізде ондай оқиғалар болып тұрады. Органдар не жағдай болғанын анықтайды. Егер шынымен балаға қауіп төнсе, мәселе анықталғанша бала арнайы органдардың назарында болады», - деп жауап берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар