Нұр-Сұлтан мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға көшті

cover

Қатты аязға байланысты 26 ақпанда Нұр-Сұлтан мектептерінің оқушылары қашықтықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды ORDA.


Бұл туралы хабарлама елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің Telegram каналында пайда болды.

– Білім бөлімінің 2021 жылғы 26 ақпандағы шешімімен ауа-райының қолайсыздығына, атап айтқанда - 28 С қатты аязға байланысты мектептердегі бірінші ауысымның нөлден тоғызыншы сыныптарына дейінгі оқушыларға арналған сабақтар онлайн форматта өткізілуде, делінген хабарламада.

25 ақпанда Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар қызметі қарлы боран мен көрінудің нашарлығынан бірқатар жол учаскелерінің жабылғаны туралы, оның ішінде Екатеринбург-Алматы, Нұр-Сұлтан-Қорғалжын, Нұр-Сұлтан-Павлодар бағыттарының жабық екендігі туралы хабарлады.

26 ақпанда Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды. Кей жерлерде аяз түнде минус 40 градусқа дейін күшейеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар