Нұрқаділов қайтыс болар күні телефон шалды - Құрманәлі
Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, өнер адамдарының қадір-қасиеті, Заманбек Нұрқаділовтің өлімі, жаңа Қазақстан туралы пікірін айтты.
Композитор Заманбек Нұрқаділов қайтыс болар күні өзіне телефон арқылы хабарласқанын айтты. Оның алдында саясаткер Қалдыбек Құрманәліге кітап шығарып беруді өтінген.
– Дәл қазіргі президентіміз батыл қадамға барып жатыр. Осы сәтте Нұрқаділовтің өлімі туралы ақиқат ашылуы мүмкін. Шындық айтылмай қоймайды, ақиқаттың кеш келетіні қиын. Талай адамдар көрмей кетуі мүмкін. Ол қайтыс болатын күні маған телефон шалды. Заманбек Нұрқаділовтің маған деген құрметі ерекше болды, аға-іні болып араластық. Маған кейбір құпияларын айтатын. Бірде Зәкең үйіне шақырып: «Қалдыбек, сен бір кітап шығарып бере аласың ба?» деді. Қаржысы жақсы, 50 мың тираж. Өзіме 20 мың доллар қалады. Бірақ тәуекелге бару керек болды, саяси кітап. Кітаптың ішінде үлкен айыптаулар бар. Кітапты шығаратын болдым. Үйіме барып кітапты қарадым, шашым тікірейіп кетті. Сұмдық, кәдімгі бомба. Бірнеше адамдар ату жазасына кетіп қалуы мүмкін. Бір аптада бітіріп бардым. Кітап туралы ұсыныстарымды айтып болып едім: «әй, Қалдыбек, сенен осыны күтіп едім» деді. Риза болды. Мен ақшаны алуға келіп отырмын, баспа дайын тұр. Содан Зәкең «Қалдыбек, саған бір нәрсе айтамын, ренжімейсің бе?» деді. Ренжімейтіндей қылып айтыңыз дедім. Бұл кітапты шығармауымды сұрады. Сенбегеніңіз бе, аяғаныңыз ба дедім. «Мына кітапты шығарарсың. Бірақ тірі қалу-қалмауың екіталай. Сен өнерге керек екенсің, мына лас тірлікке сені араластырғым келмейді» деді. Конверт ұсынып, сөзінде тұрғысы келетінін айтты және кітапты ұмыт деді, – деп еске алды Қалдыбек Құрманәлі Talklike бағдарламасында.
Композитордың айтуынша, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы әкесінің жаназасын шығаруға қарсы болған.
– Алматы қаласы сотының қызы ұзатылатын болып, соның үйінде отырдым. Мақпал Жүнісова телефон шалды да: «Қалдыбек, Зәкеңді өлтіріп кетті ғой» деді. Алып-ұшып сонда бардым, милициялар келген екен. 31 арна журналистері менен сұхбат алды. Сол жерде қала әкімінің бірінші орынбасары Заяц, Бостандық ауданының әкімі – Амангелді Кәрімұлы және ұлы Қайрат тұр екен. «Не істейміз?» деді. Жазушылар Одағынан немесе Әуезов театрынан жаназасын шығарайық дедім. Мен баласы Қайратты (Нұрқаділов) кешіре алмаймын. Баласы: «Мұрагері мен, неге араласып тұрсың? Жаназа шығады, бірақ қоштасу болмайды» деді. Бөкенов пен Заяц «Қалдыбек, ұлы қарсы болып тұр. Сен неге бүйректен сирақ шығарасың?» деді. «Қайрат, сенің бойыңда Заманбектің 10 пайыз болсын қаны бар ма?» деп сұрадым. Қасымда тұрған кісі өз-өзін өлтірген адамға жаназа шығарылмайтынын айтты. Қаным басыма шапты, жағасына жармастым. Осындай сөзді есітідім, – деді Қалдыбек Құрманәлі.
Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты пікір білдірген композитор тұңғыш президентті қараламайтынын айтты.
– Нұрсұлтан Әбішұлын жақсы көремін. Назарбаевты қараламаймын. Ол мемлекетке өз үлесін қосты. Кемшіліктері болды. Ұлтқа, мемлекетке жасаған жақсылықтарын неге айтпаймыз? Бәрін бір адамның мойнына іліп қоюға бола ма? Сол кезде қызмет атқарған әкім, министрлер қазір жұмыс істеп жатыр. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтан ақша алып, шапағат көрген адам емеспін. Назарбаевтың шапағатын көрген адамдардың бәрі үнсіз. Піштірілген қошқар сияқты болып қалғанына таң қаламын, – деді ол.
Жаңалықтар
- Таразда 130 адамды алдаған алаяқтар тобы ұсталды
- Тәжікстанның СІМ ел азаматтарының Ресей Федерациясын шекарасын кесіп өтуіне қатысты проблемалар туралы хабарлады
- Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
- Тирандар психологиялық түзетуден өтуі керек
- Түркістан облысындағы шаруа қожалығының басшысы газ ұрлығы үшін сотталды
- Елімізде жұмыртқа бағасы тағы да өзгерді
- Алматыда қала құрылысы ережелерін жүзеге асырудың жаңа жоспары шілде айының соңына дейін аяқталады
- Жеке пайдалануға арналған тауарларды шетелден әкелу ережелерін МКК нақтылады
- Министр Аида Балаева Сөз бостандығын қорғау қорының президентімен фейктердің таралуын талқылады
- Қазақстанда әйелдердің уақытын неге жұмсайтынын есептеді
- Зағамбар ауылында кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша полиция мәлімдеме жасады
- Қазақстандық балалар ауаның сапасын өлшей бастады
- Қазнетте әйелге қатысты зорлық-зомбылық түсірілімі пайда болды
- Ереван Тоқаевтың Бакумен бейбіт келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын қарастырып жатыр
- Алаяқтыққа күдікті Ресейден экстрадицияланған
- Қазақстан мен Франция әуе апатын тергеу саласында ынтымақтасады
- Алматыдағы адам өліміне әкелген автобус апаты: сотталушы сотта көзіне жас алды
- «Болашақ ойындары» 2026 жылға шегерілді
- Грекиядан екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі бомбалар табылды
- Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 млрд теңге алдап кетті