Мүгедек баласына қарайласпаған депутатты «Amanat» партиясы қорғаштап отыр ма?
Фото: Facebook/ Ботагөз Омарова
Журналист Ботакөз Омарова әлеуметтік желідегі парақшасында «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев пен Кентау мәслихатының депутаты Арман Шалданбаевтың бірге түскен суретін жариялады. Кейін Елнұр Бейсенбаевтан «Amanat» партиясының депутаты Арман Шалданбаевтың жүздеген миллион теңгесі қайдан келгенін сұрап, сауал жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналистің айтуынша, сот құжаттарында оның шоттарына жүздеген миллион теңге түскені көрсетілген. Бірақ декларациясында кірісі нөл деп көрсетілген. Сонымен қатар, бұрынғы әйелі мүгедек баласын емдету үшін мүлкін сатып жүргенде, депутат BMW X7 көлігін алып, жалған «қарыздар» рәсімдеген.
«Менің Елнұр Сабыржанұлына қоятын сұрағым бар: «Amanat» партиясының депутаты Арман Шалданбаевтың жүздеген миллион теңгесі қайдан келген?». 2018–2021 жылдары оның есепшоттарына 240 миллион теңгеден астам қаржы түскен. Сонымен қатар жеке тұлғалардан 330 миллион теңге шамасында «қарыз» алған. Бұл қомақты қаражат декларацияда көрсетілмеген», — деп жазды Ботакөз Омарова.
Сот шешімі бойынша ол бұрынғы жұбайына 83 миллион теңге төлеуге міндеттелген, бірақ депутат шешімді орындаудан бас тартқан.
«Ол сот процесі алдында «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаевпен бірге түскен суретін әлеуметтік желіде жариялаған. Бұл жай ғана сәйкестік пе? Әлде қысым ба? Мүмкін, ишара ма?..», — дейді Ботакөз Омарова.
Сондай-ақ журналист Шалданбаевтың 2019 жылы «Rixos Borovoe» қонақ үйінде жанжал шығарғанын еске салды. Ол достарымен бірге Асылбек Мәжіков деген азаматқа шабуыл жасаған. Оқиға бақылау камераларына түсіп қалған. Күзет полиция шақырған. Барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Бұл жағдай 5 желтоқсанда болған. Алайда, 12 желтоқсанда іс «тараптардың татуласуына байланысты» тоқтатылды.
«Бір аптада пышақ жарақаты болған топтасқан төбелес тоқтатылып, дәлелдер жойылды.
Ал мүгедек баласының емін жайлы ұмытқан әке — әлеуметтік желіде сән-салтанатты өмірін көрсетуге әуес», — деді Ботакөз Омарова.
Бейресми дерек бойынша, бұл жағдайдың сол кездегі облыс әкімі болған Өмірзақ Шөкеевпен байланысы болуы мүмкін екен.
Ботакөз Омарова Бас прокуратураға, ҚМА, ІІМ және «Amanat» партиясына журналистік сауал жолдады.
«Егер ол туған баласына осылай қараса, осындай адамның халыққа, өз сайлаушыларына, мемлекеттің абыройына деген көзқарасы қандай болады?..», — деп сөзін түйіндеді Омарова.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш президент мұражайында экскурсия кезінде көзге түсті.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды