Муаммар Каддафидің ұлы бостандыққа шықты
Фото: Al Jazeera ресми сайтынан
Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің ұлы Ганнибал Каддафи түрмеден босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Lebanon 24 порталының мәліметтеріне зер салсақ, Ливан билігі Ганнибал Каддафиді қамаудан босатып қана қоймай, оған елден шығуға салынған тыйымды да алып тастаған. Сондай-ақ, сот бұрын белгіленген 11 миллион доллар кепіл ақысын төлеу міндеттемесін жойды. Ливия үкіметі Ливан президенті Жозеф Аун мен парламент спикері Набих Берриге «мәселені шешудегі қолдау мен ынтымақтастығы үшін» алғыс білдірді.
50 жастағы Ганнибал Каддафи — ливандық модель Алин Скафтың жұбайы. Ол кезінде Сирияға қашып, Башар Асад үкіметінің қорғауында болған. 2015 жылдың желтоқсанында белгісіз адамдар Каддафиді ұрлап, Ливан билігіне тапсырған.
Ганнибал Каддафи Бейрут түрмесінде Ливияда әкесінің билігі кезінде жоғалған адамдар ісіне қатысты «ақпарат жасырды» деген айыппен отырған. Адам құқықтарын қорғау ұйымы Human Rights Watch биыл тамызда Каддафидің «негізсіз айыпталып», нақақтан-нақақ қамауда отырғанын мәлімдеп, оны дереу босатуды талап еткен. Осы айда оның адвокаты Каддафидің депрессияға түсіп, ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Ганнибал Каддафидің әкесі Муаммар Каддафи — Ливияның бұрынғы басшысы, полковник, елді 1969 жылдан 2011 жылға дейін 42 жыл бойы басқарған адам.
Ливияның революциялық жетекшісі Муаммар Каддафи 1969 жылы әскери төңкеріс жасап, Идрис Мухаммед ас-Сануси патшаны тақтан тайдырған. Осылайша Идрис Мухаммед ас-Сануси елдегі соңғы патша болып қалды. Сол жылы елде монархия жойылып, республика орнады. Каддафи өзін «революция көсемі» деп атап, билікті іс жүзінде өмірінің соңына дейін ұстап тұрды.
Каддафи Батыс елдерінің саясатын жиі сынап, Африка елдерінің бірлігі мен тәуелсіздігін жақтаған. 2011 жылы «Араб көктемі» кезінде Ливияда көтеріліс басталып, ол биліктен кетті. Сол жылдың қазан айында Каддафи көтерілісшілердің қолына түсіп, кісі қолынан қаза тапты.
Жаңалықтар
- Индонезиядағы мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болды
- Қазақстанның ірі вольфрам кен орны енді АҚШ-тың бақылауында
- Gunvor «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алудан бас тартты
- GTA VI ойынының ресми шығарылымы 2026 жылдың қарашасына шегерілді
- АҚШ пен Өзбекстан 35 млрд доллар болатын келісімге келді — Трамп
- Тоқаев пен Трамп Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті
- Муаммар Каддафидің ұлы бостандыққа шықты
- «ҰБТ-ға көмектесемін»: Павлоларда 1 млн теңгені қалтасына басқан бұрынғы мұғалім ұсталды
- Тоқаев пен Трамп құны 17 млрд доллардан астам болатын мәмілелерге қол қойды
- «Қазақтың қайырымды Робин Гуды» күніне құмар ойынға 700 мың теңге құртқан
- Қазақстан «Авраам келісіміне» қосылады
- «Сотқа беремін»: Депутаттың 25 жастағы «тоқалы» тағылған айыпқа жауап берді
- Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып кетті
- Қытайлық хакерлердің ноутбугінен Қазақстан шенеуніктерінің жасырын хаттары табылды
- Шымкентте әкімдік қызметкерін бопсалаған блогер ұсталды
- «Интер» мен «Қайрат» арасындағы матчта қазақстандық және италиялық жанкүйерлер төбелесіп қалды
- Сингапур полициясы алаяқтар мен олардың серіктестерін таяқпен ұрып жазалайды
- Молдова Ресейдің «Орыс үйін» жаппақ: Кишинёв Мәскеудің мәдени ықпалынан бас тартты
- 2026 жылы Рамазан айы ақпанда басталады
- Отандық әртістерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынуы мүмкін