Миллиондаған жемқорлық туралы қазіргі министр бұрынғы министрге меңзеді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласындағы жемқорлыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Үкімет отырысынан кейін журналистер министрге «Соңғы кездері Алматы немесе Түркістан облыстарындағы білім басқармасы немесе білім бөлімінің басшылары жүздеген миллион теңгенің жемқорлығы бойынша ұсталып жатыр. Тіпті олардың ішінде өз-өзіне қол жұмсаған адамдар бар. Осы дүние сізді алаңдатпай ма? Білім саласындағы жемқорлық балаларға сапалы білім беруге кедергі келтірмей ме? Бұл мәселеде өзіңізді айыптымын деп есептемейсіз бе?» деп сұрақ қойған болатын.

Бұған жаңа министр де еш қымсынбастан жауап қатты.

«Жалпы сізге белгілі оқу-ағарту менен жемқорлық сәйкес келмейтін ұғымдар. Сондықтан да былтыр біз сыбайлас жемқорлық агенттігімен бірлесе отырып осы салдағы мәселелерді толыққанды зерттеуге кірістік. Сол бағытта жол картасы әзірленді,  бірнеше рет мектеп және білім басқармасы мен білім бөлімі басшыларымен көптеген кездесу, семинарлар өткіздік. Сондықтан да қазір көп анықталып жатқан жағдайлар яғни, 2020 жылдан бастап жіберілген қателіктер шығып жатыр. Бұл біздің бірлескен жұмысымыз. Жалпы бұл салада жемқорлық атымен болмауы тиіс, тазалық болуы керек. Сондықтан бұл бағытта  барлығымыз бірлесе жұмыс істеуіміз керек», – деді министр


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар