Микроқаржылық несиеге белшесінен батқандардың құқығын обудсмен қорғайды
Kandinsky нейросетінің көмегімен жасалды
21 желтоқсаннан бастап елімізде микроқаржылық омбудсмені яғни, микроқаржылық ұйым клиенттерінің құқықтарын қорғау жөніндегі маман жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, микроқаржылық омбудсмен микрокредиттерге байланысты даулармен жұмыс істейді. Ол қазақстандықтар мен коллекторлық агенттіктер арасындағы дауларды шешіп, сондай-ақ сотқа дейінгі реттеу шеңберінде мерзімі өткен қарыздарға қатысты мәселелермен айналысатын болады.
«Микроқаржылық омбудсменге тек микроқаржылық ұйымдардың клиенттері — жеке тұлғалар көмек сұрап жүгіне алады. Олардың қызметтері тегін. Ол сотқа жүгінудің қажеті жоқ дауларды шешуге ықпал ететін тәуелсіз төреші ретінде әрекет етеді», деп хабарлады қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Микроқаржылық ұйым омбудсмен шешімдерін 30 күн ішінде орындауға міндетті болады (егер даулы тараптар басқа мерзім туралы келіспесе). Омбудсмен сотқа жіберілген немесе шешімі шығарылған істерді, дәлелденбеген мән-жайлар бойынша немесе қайталанып жолданған шағымдарды қарамайды. Яғни, сотқа жеткізбей обудсменнің көмегіне жүгіну керек.
Агенттік омбудсменнің жұмысы еліміздегі микроқаржы нарығын дамытуға және микроқаржылық ұйымдардың заңдарды қатаң сақтауға ынталандырады деп үміттенеді. Қазіргі уақытта елде 220 МҚҰ, 215 несие серіктестігі және 497 ломбард бар.
Жазда қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктер мен МҚҰ-да тұтынушылық кепілсіз несиелер қаржысын шектеуді ұсынды.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген