Михаил Ломтадзе ағылшын футбол клубын сатып алды
Фото: Қанат Ибраимов/ Wikimedia Commons
Kaspi.kz негізгі акционерлерінің бірі Михаил Ломтадзе ағылшындық Wycombe Wanderers футбол клубының 90 пайызын сатып алды. Ломтадзе мырза Эдуард Вышняков пен Дэн Райспен бірге клубтың директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Wycombe Wanderers ресми мәлімдемесіне сәйкес, футбол клубының 90% иелік ететін Feliciana EFL Ltd Михаил Ломтадзеге тиесілі Blue Ocean Partners II Limited компаниясының меншігіне айналды. Футбол клубының мәлімдемесінде Ломтадзе мырза «Орталық Азиядағы жетекші технологиялық компания Kaspi.kz негізін қалаған технологиялық инвестор және кәсіпкер» ретінде сипатталған.
«Мен клубтың дамуына бағыт-бағдар беру және Уикомб Уондерерстің табысты болашағының бір бөлігі болу мүмкіндігіне өте ризамын»,- деді Михаил Ломтадзе.
Кәсіпкер ағылшын жанкүйерлеріне «Уикомб Уондерерстің» қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететініне, команданың әлеуетін бағалауда заманауи технологиялар мен деректер талдауын енгізетініне, сондай-ақ клубтың өз академиясында жас ойыншыларды дайындауға күш салатынына уәде берді.
Wycombe Wanderers қазір бірінші лигада оныншы орында. Клуб ойыншыларының трансферлік нарықтағы жалпы құны, Transfermarkt мәліметі бойынша, 8 миллион 400 мың еуро болды.
Михаил Ломтадзе – Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі. Бірақ ол Грузия азаматы болғандықтан қазақстандық Forbes тізімінде жоқ.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген