Метро қызметкерлері басшыларына наразы
Сурет: metroalmaty.kz
Orda.kz редакциясына Алматы метрополитені «қызметкерлері» өз ұйымында болып жатқан оғаш оқиғалар туралы жазған ашық хаттың сканерленген көшірмесі келіп түсті.
Хатта Экономикалық тергеу департаментінің (ЭТД) қызметкері Рахат Рысжанов жаңа «Сары Арқа» және «Момышұлы» метро стансаларының құрылысын тексеру қызметін пайдаланып, метро басшылығын өзіне тәуелді етіп алғаны айтылған. Ал метродағылар Рысжановтың жақындары мен таныстарын маңызды қызметтерге орналастыра бастаған. Олардың көпшілігі біліктілік талаптарына сай емес және бұл салада тәжірибесі де жоқ.
Бірақ, соған қарамастан, олар өз тәртіптерін орнатып, ешкімге бағынбайтындықтарын ашық көрсетіп, жанжал тудырып, ескі кадрларды тықсырып жатыр. Соның салдарынан хатта айтылғандай метродағы билік ауыса бастаған.
Осындай жағдайда қалған метро қызметкерлері құқық қорғау органдарының басшылары мен президент әкімшілігіне тексеру жүргізу туралы өтінішпен жүгінуге мәжбүр болған.

Orda.kz тілшісі «Метрополитен» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне түсініктеме алу үшін сұрау салған еді, олар бұл хат тамыз айында жазылғанын және бүгінгі күні мәселенің шешілгені хабарлады.
«Метро қызметкерлерінің ұжымдық үндеуіне байланысты Алматы қалалық ұтқырлық басқармасының, тексеру комиссиясы және қала әкімі аппаратының құзырлы қызметкерлерінен комиссия құрылды. Ұсыныс қалалық ұтқырлық басқармасының аппараттық отырысында департамент пен метрополитеннің барлық жауапты қызметкерлерінің қатысуымен қаралып, талқыланды», - деді баспасөз қызметінің өкілі.
Тексеру нәтижелері бойынша ҚР Еңбек кодексінің 60-бабының 1-бөлігі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерлермен еңбек қатынастары тоқтатылған.
Олардың жауабына сенер болсақ: ұсыныста көрсетілген ескертулер мен кемшіліктер ескерілген. Кейбір қызметкерлерді қабылдауға ықпал еткен себептер анықталып, департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен метрополитен басшылығының назарына жеткізілген. Бүгінгі таңда барлық кадрлық мәселелер заңға сәйкес реттелген.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты