Мешіт қасында балта ұстаған жасөспірім 8 адамды жаралады

cover Фото: Бейнеден кадр

Түркияның солтүстік-батысындағы Эскишехир қаласында, Эскишехир-Тепебаши мешіті маңында жасөспірім пышақ пен балта ұстап адамдарға шабуыл жасады.

Бұл туралы Cumhuriyet газеті хабарлады.

Жасөспірім әскери киім киген, басына каска мен бетіне бассүйек бейнесі салынған бетперде тағып алған. Оның киімінде нацистік белгілер бар. Қылмыскер шабуылды әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен. 

Cumhuriyet газетінің жазуынша, шабуылдаушы сегіз адамды жаралап, олардың біреуі көз жұмған. Тағы бір зардап шеккен адамның жағдайы ауыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Қаскүнем 18 жастағы жасөспірім болып шықты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ол әскери сипаттағы компьютерлік ойындарға құмар болыпты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар