«Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты

cover Фото: Informburo

Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды. Карина Госман сот отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Карина Госманның айтуынша, Сәкен Мамаш өз кінәсін мойындамаған.

«Жылдар бойы манипуляция жасап келді және бүкіл сот процесінде маған қысым көрсетті.  Бұл — кек емес, бұл — әділдік. Ол мұны түсінеді деп үміттенемін. Мен оған ескерту жасағанымда ол жай күлген еді», — деді Карина Госман. 

Оның айтуынша, Сәкен Мамаш та, оның туыстары да ешқандай көмек көрсетпеген. Ал бастапқыда Карина Госманға экс-күйеуі үндемеуі үшін 3 пәтер ұсынған екен. Бірақ Карина ондай келісімнен бас тартқанда, Мамаш оларды жалғыз баспанасынан айырған.

Сотта жәбірленуші болып танылған Карина Госман қолдау білдіргені үшін адвокаттарына, дағдарыс орталығына, БАҚ-қа және барлық қазақстандықтарға алғыс айтты. Сонымен қатар ол ешқашан зорлық-зомбылыққа жол бермеу керегін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Абай облысында кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлаған ер адам өмір бойына сотталды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар