«Мені өлтіреді»: Украина үшін соғыспақ болған 19 жастағы қазақстандық Ресей түрмесінде азапталуда
Фото: Азаттық
Ресейде 19 жастағы қазақстандық Туран Устюговқа қатысты сот 20 наурызда басталады. Оны өткен күзде Қырымда тұтқындаған. Ресей арнайы қызметтері Устюговтың Украинаға өтіп, Ресейге қарсы соғысуды жоспарлағанын мәлімдеді, деп жазады Orda.kz.
Жас жігіттің анасы ұлын құтқару үшін Астана мен Мәскеуге хат жазып, адвокатқа ақша жинап, тергеу изоляторына азық-түлік жіберіп отыр.
Туран Устюговқа қатысты іс Ростов-на-Дону қаласындағы Оңтүстік әскери сотында қаралуда. 13 наурызға белгіленген алғашқы отырыс кейінге қалдырылып, тыңдаулар 20 наурызға ауыстырылды.
Азаттық радиосының хабарлауынша, Устюгов «террористік ұйым қызметіне қатысу» және «террористік әрекетке дайындалу» баптары бойынша айыпталуда. Бұл баптар бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Туран Устюговтың анасы Эльмира Жанабаева ұлының Украинаға баруына жол бермеуге тырысқанын айтады. Ол ұлын психологиялық көмекке жүгінуге көндіріп, Ресейден мобилизациядан қашқан азаматтармен сөйлестірген. Бірақ Туран Украинаға барып, украиндықтарға көмектесуді қалаған.
2023 жылдың қазанында ол жоғалып кетіп, бір аптадан кейін анасымен байланысқа шыққан. «Ана, мені азаптап жатыр!» деп айғайлағанын еске алады анасы. Тергеу изоляторына ауыстырылғаннан кейін оны аяусыз соққыға жыққаны белгілі болды.
Қазіргі таңда Устюговтың тағдыры белгісіз, ал анасы оны құтқару үшін күресіп жатыр.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі