«Мен еркін адаммын». Назарбаев пен Путин кездесуінде не айтылды?

cover

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі кездесу кезінде Ресей президенті Владимир Путинге ресейлік дәрігерлер өзін коронавирустан құтқарғанын ұмытпағанын айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Нұрсұлтан Әбішұлы, біріншіден, мен сізді көптен бері көрмегенімді айтқым келеді. Сізді ұзақ уақыт бойы шақырғанмын, бірақ келмедіңіз. Мінеки, біз жиналдық және сөйлесуге мүмкіндігіміз бар, - деді Владимир Путин.

Нұрсұлтан Назарбаев оған пандемия кезінде қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

Мен ауырған кезде дәрігерлердің қасымда 10 күн болғанын ешқашан ұмытпаймын. Пандемия кезіндегі ресейлік тараптың қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді, - деп атап өтті Елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 18 маусымында Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталды, ал 2 шілдеде оның денсаулығы жақсарғаны туралы хабарланған еді. Осы жылдың маусым айында Назарбаевқа ресейлік Sputnik V вакцинасы егілді.

Путинмен кездесуінде ол ресейлік вакцинаның Қазақстандағы өндірісі туралы да айтты.

– Санкт-Петербургтегі көрмеге барып, бірлескен өндіріс туралы келіскеніміз есіңізде ме? Қазір Қарағандыдағы кәсіпорын ресейлік вакцина шығарады. Дәл сол сапада және үлкен көлемде, - деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен кездескеніне қуанышты екенін атап өтті.

– Мен Сочиге келуім керек еді, бірақ түсінемін - қырғыз да, тәжік те, беларусь те бар. Мен кезекке тұрмаймын деп ойлаймын. Мен қазір еркін адаммын, бірақ сізбен кездеспей тұра алмаймын. Өйткені біздің қарым-қатынастың тарихы бар, Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастар өте тұрақты, олар мемлекетаралық қатынастардың мысалы болуы мүмкін. Мен осы жолды ұстанамын. Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы ретінде мен бұл жұмысты жалғастыра беремін, - деді Елбасы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар