Мемлекетке қайтарылған 2 млрд теңгеге мектеп салынады 

cover Фото: freepik.com

Атырау облысында 2 млрд теңгеге жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды Orda.kz. 

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында жаңа мектеп салынады. 150 орындық мектептің құрылысына қор қаражаты есебінен 2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. 

Қазір ауылда 60 орынға бейімделген ғимаратта орналасқан бастауыш мектеп қана жұмыс істейді. 4-ші сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар 60 шақырым қашықтағы Мақат ауданы Доссор кентінде орналасқан мектеп-интернатта оқуға мәжбүр. Жоғары сынып оқушылары көршілес елдімекендерге қатынап оқиды. 

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес, балаларды сапалы оқыту үшін жағдай жасалатын болады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар