Мемлекетке 177 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылды

cover Фото: freepik.com

177 млрд теңге көлемінде қаражат мемлекет қорына қайтарылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің хабарлауынша, арнаулы мемлекеттік қор 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықтырылған.

«Сатылған активтер ішінде 2 вилла, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, пәтер, жер учаскесі және 2 люкс автокөлік бар. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң субъектісінен қабылданған Алматыдағы жер учаскесі 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы құнынан төрт есе артық бағаға сатылған» делінген хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар