Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы министрін қабылдады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.

Президентке аграрлық саланы дамытудың биылғы 9 айдағы қорытындысы баяндалды. Министрдің айтуынша, бүгінде егіннің 98 пайызы жиналып, 25,2 миллион тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік әр гектардан 15,5 центнер болды. Диқандар 1,2 миллион тонна қант қызылшасын жинамақ. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, егін егу және жинау науқанын қаржыландыру көлемін ұлғайту шаралары қолға алынды. Биыл осы мақсатқа алғаш рет 5 пайыз мөлшерлемемен 580 миллиард теңге бөлінді. Қаржы шаруаларға субсидиясыз, тікелей беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. 

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2025 жылы аталған бағыттағы қаржыландыру көлемін 900 миллиард теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар